Қазақстандықтар беті күйіп қалған баланың еміне ақша жинап жатыр — новости Казахстана
Өзбекстандық кішкентай Бахтиер жантүршігерлік өрттен зардап шеккен. Оның басы өртеніп кеткенімен, өзі аман қалыпты. Алайда бес жыл бұрын болған оқиға балақайдың өмірін өгертіп жіберген. Бұл туралы Ольга Рябева есімді ерікті өз парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Рябеваның айтуынша, Бахтиердің көзі жабылмайды, оның құлағы мен мұрны да жоқ, бас сүйегіндегі бірнеше сүйек жанып кеткен.
Бахтиер туралы еріктілер бір жыл бұрын білген және осы уақытқа дейін оны Үндістанда емдеуге тырысқан екен. Алайда ем қабылдау ұзаққа созылатын көрінеді. Ал оның келесі кезеңі желтоқсан айына белгіленіпті.
Ол үшін жалпы алғанда 4 млн теңге, нақты 4 016 705 млн теңге жинау қажет.
Аяз атаға жазған хатында бүлдіршін өзіне бет-әлпет сыйлағанын қалайтынын айтқан. Ол өзінің беті жоқ болғанын білмегенін, адамдар қорыққан соң үнемі тығылып жүретінін жазыпты.
«Мен де басқа балалар сияқты болғым келеді. Анам менің мектепке бармайтынымды айтты. Мен көп ауырамын, бірақ жыламаймын. Ал анам жылайды», — дейді балақай.
Өткен жолғы отада Бахтиерге қабақ жасалыпты. Енді өрттен зардап шеккен балақай көзін жұмып ұйықтайтын болған.
Ал еріктілер Бахтиердің ата-анасымен келісіп, ем-домға қажетті қаржы жинамақ.
Реквизиттер:
KASPI GOLD: 5169 4931 2946 0997
QAZKOM: 4405 6378 1915 1319
Киви кошелёк: 87772400200
Pay Pal: ola33308@mail.ru