Қазақстандықтар азық-түлікке қанша жұмсайды

0

Дәстүр бойынша жылдың басында Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Әрине, бұл тізімге Скандинавия түбегі елдер мен Италия, Австрия, Сингапур сияқты елдер кірмейді. Қазақстан БҰҰ-ның ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенциясын ратификацияламағанына қарамастан, бұл көрсеткіш өмір сүру деңгейін бағалаудың басты факторларының бірі болып қала береді. Азық-түлік өнімдерінің негізгі қажеттіліктерін өтеу үшін қанша қаражат керек?

Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы

Зерттеу үшін адамның көмір су, ақуыз және минералды қажеттіліктерін қанағаттандыратын 8 негізгі өнімге тоқталдық. Бұл өнімдердің нарықтағы бағасын халықаралық ұйымдар бақылайды.

Picodi.com есептеуінше, азық-түлік өнім салынған себеттің минимум бағасы — 20914 теңге.

Сүт  (10 л.) — 2694 теңге

Нан (10 бөлке) — 913 теңге

Күріш  (1,5 кг) — 394 теңге

Жұмыртқа (20 дана) — 570 теңге

Сыр (1 кг) — 1875 теңге

Құс және сиыр еті (6 кг) — 9466 теңге

Жеміс-жидек (6 кг) — 3055 теңге

Көкөніс (8 кг) — 1947 теңге

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы – 42 500 теңге (салықтарды қоспағанда 37253,40 теңге). Таңдалған өнімдердің орташа бағасын назарға ала отырып есептегенде, шығындар «қолға» алынған ең төменгі жалақының 56,1% — ын құрайды. Осылайша, Қазақстан біз талдап отырған 52 елдің 48-іне жайғасты.

Ең төменгі жалақы мен азық-түлікке жұмсалатын шығындардың ең аз салмақты арақатынасын біз Австралияда, Ирландияда және Ұлыбританияда деп есептедік. Онда ең аз жалақы алатын қызметкер негізгі азық-түлікке шамамен 7% жұмсайды.

Бұл рейтингте Таиланд, Үндістан, Филиппин елдері Қазақстаннан төмен болды. Статистика бойынша Нигерияда ең қарапайым шығындар 45$, яғни ең аз жалақыдан екі есе артық.

Аталған зерттеу жұмысы Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Австралиядағы 52 елдің министрліктері мен институттарында зерделенген және интернет-басылымдарда жазылған мәліметтерге сүйеніп жасалды. Грекияда 2013 жылдан бері ең төменгі жалақы мөлшері мүлде өзгермеген. Зерттеудегі азық-түлік бағамы numbeo.com сайтындағы деректерден алынды. Жалпы есебін шығаруда доллардың 2018 жылы желтоқсан айындағы орташа бағамы қолданылды. 

Дереккөз: http://egemen.kz/