Қазақстандықтар 150 млн теңгеге дейін ала алады: Министр үндеу жасады

0
35561
Фото: Ак Жайык

Биыл Қазақстанда инновациялық технология мен коммерциялық әлеуеті бар өнімді жасайтын стартап иелеріне арнап 150 млн теңгеге дейін грант қарастырылған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министр Бағдат Мусин өзінің парақшасында жазды.

«Қазір көптеген стартаптар ақшалай қолдау көрсете алатын серіктес табуға тырысуда, бірақ бізде періште инвестициясының не екенін түсінетіндер аз.

Қазір Министр лауазымы тарапында осы бағытқа ықпал ете аламын және шетелге шыға алатын керемет жобаны жасай алатындардың дамуына көмектесе аламын. Біздің Министрлік бұл бағытты іске асыруда. Сондықтан биылғы жылы ТДҰА-ның гранттарды бөлу бойынша барлық ескі ережелері мен қатысушыларға арналған ережелерді қайта қарастырдық. Егер бұрын грантты ірі компаниялар жеңіп алса, бүгінде ереже бойынша бізде инновациялық технология мен коммерциялық әлеуеті бар өнімді жасайтын ШОБ компанияларының қатысуына рұқсат етіледі.

Ал егер бұрын грант тек 50%-ды ғана жаба алатын болса, қазір жобаны коммерциялық іске қосу шығыстарының 90%-ын жаба алады, егер сомамен айтсақ, бір грант 150 млн теңгеге дейін ала алады.

Өтінімдерді қабылдау бүгіннен басталды. Біз жастардан көптеген өзекті жобаларды күтеміз. Бұл бірінші кезең, ал екінші кезең – теледидар немесе Youtube-шоу форматында ауқымды көлемде ұйымдастырғымыз келеді.

Толығырақ QazInnovations сайтында: https://qazinn.kz/» деп жазды министр.