Қазақстандықтар 13 ақпаннан жүргізуші куәлігінсіз жүре алады

0

Жуырда ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруден босатылатын заң 13 ақпанда өз күшіне енеді.

Бұдан былай жүргізушілер тек бір құжатты, яғни жеке куәлікті алып жүрсе жеткілікті.

Мұның орнына тиісті құжаттарды полицей планшеті арқылы тексертеді: жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжаты, сақтандыру полисі, сондай-ақ, техникалық байқаудан өткенін растайтын құжат.

Ал интернет болмаған жағдайда оны радиобайланыс арқылы тексертеді.

Аталған нормалар қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және елімізде тіркелмеген көлік жүргізушілеріне қатысты емес.