Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Мемлекет басшысы медициналық көмек республика азаматтарына бұрынғыдай қолжетімді болып қала беретінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың көмек алу құқығы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңгені ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де алады
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын», — деді мемлекет басшысы үндеуінде.
Оның айтуынша, медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қолжетімді болып қала береді.
sputniknews.kz