Қазақстандық журналист Әнуар Омаров қайтыс болды

0
Қазақстандық журналист Әнуар Омаров қайтыс болды


Отандық танымал журналист, Ішкі істер органдары Медиа орталығының бас редакторы Әнуар Омаров қайтыс болды.

Бұл хабарды кеше түнде өзінің Фейсбук парақшасында оның ағасы Арыстан Омар жариялаған болатын. ІІМ баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақпаратты жазған Арыстан Омардың айтуынша, Әнуар Омаров 38 жасында жұмыс үстінде жүрегі қысылып, қайтыс болған. Журналистің артында анасы, ұлы және қарындасы қалды.

Қайғылы жаңалықпен бөліскен әріптестері мен достары желі беттеріне Әнуар Омаровтың қандай екендігін жазып, туыс-туғандары мен жақындарына көңіл айтуда.

«Әнуар Омаровтың өлімі маған қатты тиді. Оны тек бес рет ғана көрсемде, жақын адамымдай қайғырып отырмын. Өзіме не болғанын білмеймін, мүмкін шығармашылық адамдар бір-бірін осылай сезентін шығар. Ол өте ақкөңіл адам еді, әрдайым көңілді жүретін. Жатқан жерің жайлы болсы», – деп жазба қалдырған Манзура Жетпісбаева.

«Былтыр жарықтықтан өзімше орысша сұхбат алған едім… Сұрақтарым онша емес болса да, өзіне тән байсалдылықпен, байыптылықпен, түсініксіз тереңдікпен жауап беріп еді… Соның ішіндегі бір сұрағымды оқып, оған берген жауабын оқып, жүрегім дір етті», – дейді Әбу-Асқар Мекешұлы.

Ағасы Арыстан Ормадың айтуынша, жерлеу рәсімі 16 қараша күні өтеді сағат 10:00 өтеді.