Қазақстандық журналист 5 млн теңге жинап, мұқтаж жандарға таратпақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Отандық журналист, тележүргізуші Мақсат Толықбай қайырымдылық науқанын жүргізді. Ол үкіметтің 42500 теңге жәрдемақысы түскенше, халыққа қолдау көрсетуді ұйғарды. 

«Жоғеейй, үш күнде жиналмайды» деді. Жиналды ғой. 1 236 768 теңге болды. Бұл жаман көрсеткіш емес. 100 теңге, 200 теңге, 200 мың теңге берген азаматтар да бар. Уәде еткеніміздей, «Асылтас» қоғамдық қоры бұл соманы екі еселейін болған. Қысқасы, қордың президенті Дулат Тастекеев енді 5 млн теңгеге толтырып беремін деді. Яғни, барлығы 200 отбасы 25 000 теңгеден алады. Оның бәрі әділ өту үшін мұқтаж отбасының аты-жөнін көрсетеміз. Іріктеп береміз. Барша атсалысқан ағайынға рахмет!», — деп жазды журналист парақшасында.

Желі қолданушылары сол мезетте көмек қажет екенін айтып, толассыз хаттар жаза бастады. 

«Алладан қайтсын. Шынымен мұқтаж жандарға бұйырсын», «Жарайсызда! Тағы жасасаңыздар екен, осы игі істеріңізге біз де ат салыссақ екен. Көп бере алмасак та шамамызға қарай жіберсек деген едім. Кішкене болса да көмегіміз тисе, куанышты болар едік. Алдын ала рахмет», «Барекелді бауырым Алланын нұры жаусын», — деді олар.


Оқи отырыңыз

Болат Назарбаев: Тойларда жас қызбен суретке түссем, соны алады деп шығарып алады


 

stan.kz