Қазақстандық жұмыссыз әйеліне ай сайын ақша төлеп тұруға келісті

0

Қызылорда облысының тұрғыны медиация тәртібімен баласы 3 жасқа толғанға дейін жұбайын қамтамасыз ету үшін ай сайын алимент төлеуге келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қармақшы аудандық сотының мәлімдеуінше, баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.

Талап қоюшы жауапкермен бірге тұрмайды. Алайда заңды некеден үш жасқа толмаған баласы бар.

“Әйел бала күтіміне байланысты еш жерде жұмыс жасамайтынын, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкердің өз еркімен көмек көрсетпейтінін айтып, баласы үш жасқа толғанша жауапкерден 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұрады”, – деліген хабарламада.

Істі сот талқылауына дайындау барысында ерлі-зайыптыларға олардың дауды медиация тәртібімен реттеуге болатыны айтылып, құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде тараптар азаматтық іс бойынша өзара келісімге келіп, медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш жазды.

Келісімнің шарттары бойынша жауапкер баласы үш жасқа толғанша ай сайын талап қоюшымен өзара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелді.

Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қаһарман тек үш ай бұрын ғана балалары үшін алимент ала бастағанынайтқан еді.