Қазақстандық жұлдыздар «Ғашықтар күнін» қалай қарсы алды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Карантин уақыты уақытыңды бос өткізбей, сүйікті ісіңмен айналысатын кезең. Әсіресе, сүйіктіңізге, балаларыңызға көп көңіл бөлетін сәт. Бүгінгі ғашықтар мерекесін қазақстандық жұлдыздар қалай қарсы алды? 

Жұлдыздар қазақстандықтарды ғашықтар мерекесіме құттықтап, ізгі тілегін айтып жатыр. Олардың бірі сүйіктісіне гүл ұсынып, мерекені атап өтті. 

«Қозы корпеш Баян сұлу» ғашықтар мерекесі 2011 жылдан бері елімізде атап өтіледі. 

«Жандарым жақсы көрем сендерді. Ғашықтар күнімен құттықтаймын. Бастысы екеуің тату болыңдар», — деп жазды Артур Төлепов. 

«Қатөщ а Қатөщ. Талдықорғанды білесің ба? Иә. Сол талды мен ғо қорғаған,сен үшін. Ғашықтар күні құтты болсын. Менің Баян-сұлуым. Мен Қозымын», деп жазды Нұржан Керменбаев.

 

«Ғашықтар күнімен. Сені жақсы көремін. Бақытты бол!», — деп жазды әнші Бүркіт. 

«Құрметті достар, біз сіздерді ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Махаббаттарыңыз мәңгі болсын»-, деп жазды Салтанат Бақаева.

«Бүгін ғашықтар күніне орай жігіттер тамақ жасап жатыр. Ер адам жасаған дүние дәмді болады ғой қашанда!», — деп жазды Роза Әлқожа. 

Әнші Назима ерекше құттықтауын жолдап, өзінің орындауындағы әнін жолдады.

 

«15 сәуір — Махаббат Күні. Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? — Сені іздеумен мәңгілік өтер едім — Отқа түсіп өртенсем не етер едің? — Күл боп бірге соңыңнан кетер едім — Бұлдырасам сағымдай не етер едің? — Жел боп қуып ақыры жетер едім — Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? — Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін! Махаббаттарыңыз Мәңгі Баянды болсын», — деп жазды Айгүл Мүкей.



stan.kz