Қазақстандық ЖОО ректоры қамауға алынды

0

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовке және тағы үш күдіктіге қарсы іс қозғалды. Үшеуі қамауға алынды, тағы бір әйел үй қамауында.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты кепіл мөлшерін айқындамай, екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыған ұқсас бұлтартпау шарасы тағы екі күдікті Т.Б. мен Б. У.-ға қатысты таңдалған.

Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры мен қалған ұсталғандар нақты қандай күдікке ілінгені нақтыланбаған.

фото: ашықдереккөз