Қазақстандық жігіт Кореяда қылмыс жасап, оқиға орнынан қашып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазір Қазақстан азаматының қайда жасырынып жүргені белгісіз, құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан азаматы Кореяда көлігімен баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік Оңтүстік Кореядағы оқиғадан хабардар екенін жеткізді.

«Қолда бар мәліметке сүйенсек, Қазақстан азаматы расында баланы қағып кетіп, оны жолда қалдырып, өзі ізін жасырған», — деді ол.

СІМ ақпаратынша, қазір күдікті басқа елдің аумағында жасырынып жүр.

«Оның қайда екенін біз білмейміз. Құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Ұсталған жағдайда бұл мәселе құқықтық кеңістік аясында шешіледі», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Смадияров оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болса, қосымша хабарлауға уәде етті.

Тағы оқыңыз: Кореядағы қазақтардың жанайқайы: отандастарымыз бөтен елдегі мүшкіл хәлін айтты

Бұған дейін БАҚ беттерінде Оңтүстік Кореяда 20 жастағы қазақстандықтың көлігімен кішкентай баланы қағып кеткені хабарланған еді. Қазақстан азаматы 7 жасар балаға көмек көрсетпей, оқиға орнынан қашып кеткен.



sputniknews.kz