Қазақстандық жеңіл атлетші қыз Франция спортшысына тұрмысқа шықты

0
1610

Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова француз спортшысы Марко Туриге тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марко Тури жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ, триатлонмен де айналысады.

Жанна Мамажанова жақында Токио Олимпиадасына қатысу үшін Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Спортшы Австриядағы марафонда жүгіруден жетістікке жетті.