Қазақстандық волонтерлер енді шетелге жиі шығады
Қысқа сілтеме алу
2020 жылы қазақстандықтар Ұлы Жеңіс мерейтойының халықаралық еріктілер командасына кіреді. Енді олар қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, жақсылық жасауға одан да көп мүмкіндік алады
НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазқастандық волонтерлер Мәскеуде жеңістің 75-жылдығы мерейтойын ұйымдастыруға көмектеседі. Олар ресейлік әріптестерімен сәтті жобалар тәжірибесімен бөлісіп, елімізде ардагерлерге қалай қолдау көрсетілетінін айтып беруге дайын.
Волонтер жылында басқа да жағымды жаңалықтар болады деп күтілуде. Елімізде волонтерлердің жақын және алыс шетелге сапарлары қаржыландырыла бастауы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында Ұлттық волонтерлік желінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк айтты.
«Волонтерлеріміз Мәскеуге жеңістің 75-жылдығына көмектесуге барады. Біз ресейліктер өз жұмысымыздың ерекшеліктері жайлы айтып беруге дайынбыз. Мысалы, «Жеңіс» деген тамаша жобамыз бар. Волонтерлер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қысқа көмір, ағаш дайындауға көмектеседі. Жастарымыз қарттардың саяжайларында бау-бақша егіп, өнімін жинап береді. Бәрін тегін істейді. Былтыр волонтерлер осылай Талдықорғанда екі мың тонна өнім жинап алды», — деді ол.
Татьяна Миронюк: «бірақ біз 9 мамырда ардагерлерге бармаймыз. Бұл күндері оларға адам көп келеді, сондықтан мазаламауға тырысамыз. Дегенмен біз ардагерлерге жыл бойы көмектесеміз. Әдетте қарттар күнінде оларды шайға шақырамыз. Бірақ, соғысты немесе шайқастарды естеріне түсірмеуге тырысамыз. Олар бізге басқа да қызықты әңгімелерін айтып береді. Тіпті, ардагерлер арасында тоғыз жұп барын да айтқым келеді. Кейбіреулер бірге тұрады, ал кейбіреулер кездесіп, әңгімелесіп тұрады», — дейді.
Маман келесі волонтер жылына қойылған жоспарларымен де бөлісті. Оның айтуынша, біріншіден, Қазақстан үшін волонтерліктің жеті басым бағыты анықталады. Мәселен, олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, корпоративтік волонтерлік, экология болуы мүмкін.
«Екіншіден, волонтерлерді халықаралық қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады. Қаақстандықтар волонтерлік жобаларға шетелге барады. Барлығы мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан үшін алғашқы тәжірибе. Жоспарда жақын және алыс шет мемлекеттер бар. Бұл Индонезия, Африка елдері не басқа мемлекеттер болуы мүмкін», — дейді Миронюк.
Ұлттық волонтерлік желінің атқарушы директорымен сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыздар.
sputniknews.kz