Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов кезекті жеңісіне жетті
Жеңіліс таппаған UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен турнирде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, келесі титулға таласу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 жастағы қазақстандық (18-0) пен 27 жастағы ирландиялықтың (15-0) кездесуі UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болды. Турнир АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтті.
Жекпе-жек Setanta Sports 2 телеарнасы, сондай-ақ UFC Fight Pass және Кинопоиск платформаларында жазылым арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек UFC 310 турнирі аясында өтті.
Бұл кездесу 5 раундқа созылып, Рахмонов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін Шавкат жартылай орта салмақтағы UFC белбеуіне таласуға дайындалады. Қазіргі уақытта бұл белбеу Белал Мухаммадта, ал Рахмонов рейтингте үшінші орында, Гэрри болса жетінші орында.
Айта кетейік, 2024 жылғы нөмірленген соңғы турнирдің басты картасының алғашқы жекпе-жектерінде Ту Хо Чхве Нейт Лавандерді жеңді. Америкалық Брайс Митчелл Крон Грейсиді нокаутқа жіберді, ал ауыр салмақтағы Сириль Ган ресейлік Александр Волковты жеңді.
Әуел баста, ирландиялық спортшы Хоакин Баклимен кездесуді 15 желтоқсанда арнайы турнирде өткізуі керек еді. Бірақ Шавкат үшін лайықты қарсылас болмауына байланысты ол жарақат алған чемпион Белал Мухаммадты ауыстырды. Ирландиялықтың орнына Баклимен жекпе-жекке UFC-дің ең даулы файтері Колби Ковингтон шықты.