Қазақстандық трансгендер әскерге шақырту алды
Амилай атымен танымал трансгендер әскерге шақырту алғанын хабарлады. Шақырту хабарлама арқылы келіп түскен.
«Маған хабарласып: бауырым, қай жылғысың дейді. Мен сізге бауыр емес, қарындас боламын дедім. Содан кейін өзімнің трансгендер Амилай екенімді айттым. Маған жеке куәлігіңді алып дүйсенбіде кел деді. Әскерге баруға дайындалайын. Шашымды, кірпігімді бәрін жасатып әскерге әдемі болып бармаймын ба? Ол жақта неше түрлі жігіттер бар ғой. Офицерлерді сындырайын», — деді трансгендер.