Қазақстандық Томиристің өліміне Дағыстанның экс-премьерінің ұлы айыпталып отыр

0

Өткен жылдың қазан айында қыздың анасы Тоқаевпен кездесті. Президент бұл оқиғаны жеке бақылауына алған болатын

Мәскеудің Басман соты сәрсенбі күні Дағыстанның экс-премьер-министрі Мухтар Меджидовтың ұлын уақытша ұстау изоляторына қамады. Оған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мәскеудің Басман соты бүгін Муртузали Меджидовті 28 қыркүйекке дейін, 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды «, — деді агенттікке.

Сотта Меджидов қазақстандық студенттің өліміне қатысты қамауға алынғанын растады. Ол ұзақ жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуір айында ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды.

Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейтінін мәлімдеді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған. Тергеу екі жыл бойы бұл оқыс оқиға емес, адам өлтіру фактісі болғанына дәлел жинақтады.

Бұған дейін қыздың анасы жаңа тергеуші тергеу шаралары толық көлемде жүргізілмегендіктен, «уақыты өтіп кетті» деп есептейтінін айтқан болатын. Ол қажетті материалдар алынбағанын, тиісті сараптамалар жасалмағанын айтты. Жанна Ахметова мұны тергеушілер әдейі істегенін мәлімдеген еді.

Өткен жылдың қазан айында қыздың анасы Тоқаевпен кездесті. Президент бұл оқиғаны жеке бақылауына алған болатын.

sputniknews.kz