Қазақстандық спортшылар Универсиадада шорт-тректен қола иеленді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Шорт-тректен Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы Универсиадада қола медальды жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды 

 

Шорт-тректен Қазақстан қола иеленді

Фото: Оlympic.kz

Қазақстандық шорт-трекшілер, ерлер командасы эстафетада үшінші орынға көтеріле алды. Спорттың бұл түрінен Оңтүстік Корея жеңіске жетті. Күмісті Ресей иеленді. 

Үшінші орынды жапондықтар берік ұстап келе жатқан. Бірақ әділқазылардың шешімі бойынша, қола қазақстандықтарға бұйырды. 

Шорт-тректен әйелдер командасы да Универсиадада қоланы жеңіп алған еді. Басты финалда қазақстандық команда төртінші орынға жайғасты. Алайда, әділқазылар мәреге Ресеймен бірге үшінші болып жеткен Оңтүстік Кореяны ойыннан шығарып жіберді. Әйелдер арасындағы шорт-тректен алтынды Ресей, ал күмісті Жапония жеңіп алды. 

 


 

stan.kz