Қазақстандық спортшы жекпе-жекте ерекше тәсіл қолданды – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ерназ Мұсабек Бахрейнде өтетін ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. ММА әлем чемпионатының ширек финалында Ерназ Мұсабек жергілікті спортшы Мансур Магомедовпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшы «гогоплата» деп аталатын ерекше тұншықтыру тәсілін қолданып, бірінші раундта жеңіске жетті.

Магомедов бұл тәсілден кейін есінен танып қалды. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерназ Мұсабек әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

ММА әлем чемпионаты Бахрейнде 9 қараша күні басталды. Жарыс 17 қараша күні аяқталады.



sputniknews.kz