Қазақстандық сот Борат авторының атына жазылған шағымды қабылдаудан бас тартты

0

Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов Борат фильміне қатысты шағым жазды. Алайда сот оның талап-арызын қабылдамаған. Оның бірнеше себебі атап көрсетілген.

Заңгер Алмалы аудандық сотына Amazon Studios компаниясына қарсы «Борат туралы мына фильм: Қазақстан халқына пайда келтіру мақсатында америкалық жүйеге көлемді пара беру» фильміндегі мәліметтердің заңсыздығы туралы талап-арыз берді.

Арызда бұл ақпараттың Қазақстан халқының беделін түсіретіні айтылды. Алайда сот талап-арызды қабыл алмады.

«Кеше сот екі себеп бойынша талап-арызды қайтарып берді.

Бірінші себеп:

Сот менің шағымымда Amazon студиясының мекен-жайы мен телефон нөмірін көрсетпегенімді жазған.

Сот әріп танымай ма? Талаптың басында компанияның мекен-жайы көрсетілген!

Сот заңдарды білмей ме? Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес, талап-арызда телефон нөмірі жазу міндетті емес.

Екінші себеп:

Айыпталушы шетелдік тұлға болса, Қазақстан соты істі қарай алмайды.

Тағы да сот дұрыс емес!

Біріншіден, азаматтық процестік кодекстің 466-бабы 2-бөлігінің 9-тармағына сәйкес, біздің соттар ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау бойынша, жауапкер шетелдік тұлға, ал талап қоюшы Қазақстанда тұрса, істі қарай алады.

Екіншіден, соттың өзі ұйғарымда осы 466-бапқа сілтеме жасайды.

Үшіншіден, мен сот ісінің басында азаматтық іс жүргізу кодексінің 9-тармағының 2-бөлігі, 466-бабын келтірдім, судья оны көрді!

Менде үш нұсқа бар

1. Судья талап арыздан жауапкердің мекен-жайын таба алмады, судья оқи алмай ма?

2. Судья заңдарды мүлдем білмейді, сонда ол қандай судья?

3. Судья заңдарды біледі, бірақ талапты заңсыз түрде қабылдаған жоқ, сонда ол қандай адам?

***

Әрине, мен қалалық сотқа жеке шағым жаздым.

Бірақ мұнда тағы бір нәрсе қорқынышты нәрсе бар. Заңсыздық…Тіпті Қазақстан халқының намысы туралы болса да осылай», — деп жазды Сүлейменов.

Желі қолданушыларының бірі заңгердің сөзін сөйлесе, енді бірі мұның нәтижесіз екенін алға тартты.

«Жалғыз адам ешнәрсе шеше алмайды», «Сот бұл істі қарамайды, оның сізге тигізіп тұрған зиянын дәлелдей алмайсыз», «Біздің жоғарыдағы адамдар жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді», «Бұл істі бірігіп шешу керек, көп адам атынан шағым жазылу керек» -» деді желідегілер.

Бұған дейін «Намыс» патриоттық қауымдастығы АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығына «Борат-2» фильмінің шығуына қарсы петиция жіберген болатын. Америка Құрама Штаттарының үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, өндіруге немесе таратуға қатысымыз жоқ деп жауап берді. Ал фильмнің Қазақстанға қатысы жоқ деп ақталған фильм авторы Саша Коэн өз әрекетін түсіндірді.

stan.kz