Қазақстандық соғыс ардагері Ресей президентінен алғыс хат алды

0

             Алғыс хатта сол қан майданға қатысып ерлік жасаған З. Сеитовті құттықтай отырып болашақта да  зор денсаулық, бақыт, табыстар тілеген, әрі тарихта қалған «Курск доғасындағы» шайқастың жеңіспен аяқталуы Ұлы Отан соғысының жеңіске  жетуіндегі үлкен тарихи оқиға екендігі айтылған.

         Өзінің осы шайқас туралы естелігінде З. Сеитов былай деп еске алады: «Неміс әскерлері Орел-Курск бағытындағы соғысқа өте ерекше дайындалды. Сталинград түбіндегі шайқастағы жеңілістен кейін немістер жаңа танктер «тигр», «пантера», «фердинанд» өте жылдамдықпен ұшатын самолеттер «фокке-вульф-109а», «хейнкель -129» алдырылды және жақсы жасақталған әскерлер келді. Шындығын айтқанда 1943 жылдың жазына қарай Кеңес әскерлері сан жағынан да, сапа жағынан да жау күшінен әлдеқайда артық еді. Соғысқа дейінгі дайындық қурсында мина іздеуші минор, сапер болып дайындалған «Курск доғасындағы» шайқастағы жолдасым Василий Фадинмен бірге және тағы басқа солдаттармен жаудың қоршауын сым темірлерден арылтып учаскемізді жау минасынан тазаладық. Бір түнде 30 минаны анықтаған едік».

         Курск доғасындағы шайқастан бастап Германия жерін азат етуде 1000 минадан тазалаған екенбіз. Курск доғасындағы шайқаста біздерді минорлар кейде саперлар деп атайтын еді. Біздер үнемі алдыңғы шепте болып, жерімізді минадан тазартып отыратынбыз. Біздерден кейін жаяу әскер, танктер, артиллерия алға қарай жүретін».

         З. Сеитов Сталинградты қорғауда 1942 жылы қыркүйек айынан бастап қатысып үлкен ерлік көрсеткен, сол үшін 43 инженерлер бригадасының бұйрығымен 15.03.1943 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

         1942 жылы наурыз айының ортасында «Мясной бор» селосы маңында Ленинградқа жақын жерде қоршауда 3 ай уақыт қалған, содан 3 айдан соң қоршаудан 12 мамырда босаған. Одан соң Москваны қорғауға қатысқан, соңғы рет Берлинді азат етуге қатысып Рейхстагқа өзінің атын жазып қалдырған. Сол үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

         Соғыстан соң ғылым жолына түсіп аспирантурада оқып, кандидаттық одан соң докторлық диссертация қорғаған. «Қазақ бальзамының» авторы, сүт өнімдерін жете зерттеген биохимик. «Құрғақ қымыз», «Құрғақ шұбат» алу жолдарын бірінші болып өндіріске енгізген. Ол туралы «Егеменді Қазақстан» газетінде тамыз айы 2018 жылы жазылған.

      Әбішева Т.О,

         Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

         Биология кафедрасының доценті 

Дереккөз: http://egemen.kz/