Қазақстандық сарапшы Нұрлан Байділдә халықаралық саяси жанжалдың ортасында қалды

0

Қазақстандық сарапшы Нұрлан Байділдәнің қорында венесуеллалық саясаткердің ақшасы сақталған деп айыпталды.

 

Әйгілі Bloomberg басылымының мәліметінше, елдің бұрынғы басшысы Николас Мадуро мемлекет ақшасын ұрлады деп айыпталды.

Ол ақша Нұрлан Байділдәнің қорында сақталған. Бұл жайт былтыр басталған тергеу нәтижесінде анықталған. Енді бұл қаражатты қайтаруға тырысуда.

Венесуелла билігі АҚШ пен Дональд Трамптың көмегімен қордағы қаражатты әлем бойынша таралуына тосқауыл қойды.

Ал, Нұрлан Байділдәнің өзі телефон хабарламасына жауап берген жоқ. Көмекшілері желіде кәсіпкердің жазған жазбасын жариялады. Онда асығыс пікір жазбауды өтінген.

“Бұл мәлімет сіздер секілді мені де таңғалдырып отыр. Маған жала жапқысы келетіндердің әрекеті болуы мүмкін. Асығыс пікір жазбауларыңызды сұраймын. Жақын арада бәрі анықталады”, – дедінген жазбада.

СІМ бұған қатысты ресми ақпарат жариялаған жоқ. Сондықтың істің ақ-қарасын айту әзірге мүмкін емес.

Источник: Stan.kz