Қазақстандық режиссер «вДудь» бағдарламасына сұхбат берді

0

Қазақстандық режиссер «вДудь» бағдарламасына сұхбат берді

Қазақстандық жас клипмейкер Айсұлтан Сеитов Юрий Дудьтің бағдарламасына сұхбат берді. Юрий 22 жастағы режиссерден сұхбат алу үшін Лос-Анджелеске келген.


 
Айсұлтан осы уақытқа дейін Offset, 21 Savage, Miyagi, Эндшпиль, Иван Дорн, LʼOne, Скриптонит, Jah Khalib, Noize MC, T-Fest, Элджей, Елена Темникова, L’One сынды белгілі орындаушылардың бейнебаяндарын түсірген.
 
Сондай-ақ жас жігіт бағдарлама барысында модель Ая Шалқармен көңіл жарастырғанын да мойындаған. Олардың қарым-қатынасы «Медина» бейнебаянын түсіргеннен кейін басталған.
 
Талантты режиссер отбасы жайлы да айтқан. «Анам қазір студент. Инженерия мамандығын бойынша магистратура оқып жатыр. Лондонға грантқа түскен. Әкем мен анам ажырасқан. Әкем бизнеспен шұғылданады»-дейді Айсұлтан Сеитов. Оның айтуынша ата-анасы оны Америкада оқыту үшін пәтерлерін де сатқан. Ондағы бір жылдағы оқу құны 35-40 мың доллар. Ал Айсұлтанға 50 пайыздық жеңілдік жасалған.

Дереккөз: Reactor

http://inform.kz