Қазақстандық қыз ТМД елдерінде ең танымал блогер атанды

0

TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк атымен танымал алматылық 18 жастағы Алина Ким, ресейлік Кирилл Колесниковты басып озып, ТМД елдеріндегі ең танымал блогер атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хома жақында 27,5 миллион жазылушы жинап, ТМД елдеріндегі тиктокерлер арасында бірінші орынға шықты. Бұл ретте каскадер Кирилл Колесников абсолютті көшбасшы болып қалды. Бірақ бүгінде Хомяк оны басып озып, 34,8 миллионға жуық оқырман жинады.

Қазір Хомяк әлемдегі ең танымал қазақстандық TikTok-Yolo House үйінің флагманы болып табылады. Команданың жұмыс істеп жатқанына бір жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде ерекше атмосфера мен тәртіп қалыптасып үлгерді, шығармашылық процесте әркім өзіне ұнайтын нәрсемен айналысады.

Хома липсингті (фонограммамен ән айтуды), сонымен қатар әртүрлі кейіпкерлерді сомдауды жақсы көреді.

Алина команда алдында ерекше жауапкершілікті сезінетінін және алға жылжытуға бар күшін салатынын айтады.

«Олар менің екінші отбасым, менің барлық бастамаларым мен нәтижелерімді қолдайды», — деп бөлісті бойжеткен.

Хома күзде Comedy Club әзіл-сықақ шоуының қонағы болды. Түсірілім кезінде Павел Воля және Гарик Харламовпен тренд видео түсірді.  Қазіргі уақытта ол видео 60 миллионға қаралым, 6,2 миллион лайк жинады.