Қазақстандық қыз АҚШ-тың әскерінде сержант атанды

0

Қазақстаннан көшіп барған Вера Поветина АҚШ-тың Әуе қорғаныс күштерінде сержант атанды. Бұл туралы YouTube арнасының блогеры Мария Клюге хабарлады.

Ол оны өзінің арнасына шақырған еді. «Мүмкін сіздердің араларыңыздан ТМД-дан АҚШ-қа көшіп, Америка армиясына жұмысқа тұруға бел бумас. Бірақ сондай адамды мен таптым. Оның есімі – Вера Поветина, ол «грин» карта бойынша Қазақстаннан АҚШ-қа қоныс аударып, Американың әскери-әуе күштерінің сержанты болды», – дейді жоба авторы.

Вера Поветинаның айтуынша, Қазақстанда олардың қытай тағамдарын әзірлейтін мейрамханасы болған екен. Кейін отбасы «грин» картасын ұтып алған. Міне сол кезден ол Американың әскерінде жұмыс істеймін деп шешіп қойған.

«Өмірімнің басым бөлігінде жалдамалы жұмысшы ретінде менеджер болдым. Тек соңғы 5 жылда өз кәсібімізді ашып, қытай мейрамханасын жүргізгенбіз. Артынан «грин» карта ұтып алған соң, өмірімді басқа жаққа өзгерткім келді. Қазір қызметкерлерді іріктейтін маманмын», – деді Вера.

Сонымен қатар қазір ол әскери-әуе күштері базасында қаржылық сарапшы. Сондықтан әскери бөлімнің бюджетін қадағалап, орындалуын бақылайды екен