Қазақстандық қыз «Әлем аруы» байқауында Алтын адам бейнесінде шықты — Мәнер

0

«Әлем аруы» сұлулық байқауында Қазақстан атынан шыққан Сабина Әзімбаева керемет ұлттық костюмді көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таиландта 10 желтоқсанда байқауға қатысушысылар түрлі-түсті, әсерлі киімдерімен дефиле көрсетті. Онда 19 жастағы «Алматы аруы — 2017» Сабина Әзімбаева Алтын адам бейнесінде шықты. Айта кетсек, костюмнің салмағы — шамамен 30 келі. 

Сабина Әзімбаева Алматы қаласында 2000 жылы 14 ақпанында дүниеге келген. «Тұран» колледжын «аудармашы және гид» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы «Алматы аруы» байқауын жеңген. Сондай-ақ, «Ұйғыр аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы.

«Әлем аруы» байқауы 26 қарашада басталды. Екі апта ішінде 95 елден келген қатысушылар фотосессияға, қайырымдылық акциялар мен басқа да іс-шараларға қатысты. Байқаудың ақтық сыны 17 желтоқсанда болады.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz