«Қазақстандық қиярға не жеткен?»: Желідегілер бағасы 2300 теңгеге өсіп кеткеніне ашуланды

0
816

Әлеуметтік желідегі «Астана — Что? Где? Когда?» тобының әкімшісі Ерлан Сәкенов қазақстандық қиярлардың бағасына таңғалғаны туралы жазды. Айтуынша, қияр бағасы тым қымбат болғандықтан, ол қазақстандықтар үшін экзотикаға айналып отыр.

«Қазақстандық қиярға не жетті? Неге Коста-Рикадан келген ананастар отандық қиярдан арзан? Қияр біздің елімізде әлі күнге дейін экзотикаға айналып отыр. Кейбіреулер Африкадағыдай бананмен тамақтанған жеңіл екенін айтып әзілдеуде. Тамақтану тәртібін бір реттеп қою қажет. Отандық өнімді қалай қолдауға болады? Идея бар ма? Бұл жерде бәсеке керек!» — деп жазды ол.

Желі қолданушылары қияр бағасының 1500 бен 2300 теңге арасында екенін айтты. Олардың айтуынша, мұндай жоғары бағаны фермерлер емес, дүкендер мен тасымалдаушыларға бола қойылып отыр.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету