Қазақстандық пойыздарда әйелдер вагоны пайда болды

0
1194

ҚТЖ әйелдер вагоны бар алғашқы жолаушылар пойыздарын жолға шығарды. 10 қазанда Алматы-Өскемен және Алматы-Маңғыстау бағытындағы екі жолаушылар пойызында әйелдерге билет рәсімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды деп хабарлайды Rail-news.kz. Егер сұраныс болса, бұл жоба басқа бағыттарда да жалғасатыны атап өтілді. Енді жолаушыларға кәдімгі вагонмен немесе бөлек «әйелдер» вагонымен жүруге таңдау құқығы беріледі. «Сырттай, бұл ерекшеленбейді, жол жүру ақысы кәдімгі вагондардағыдай, тек кассадан және онлайн сатып алу жағдайында ерекшеленеді, ал купеде тек әйелдер көрші болады», – делінген хабарламада. Алматы-Өскемен пойызының «әйелдер» вагонында жолаушылары бұл жаңашылдықты жоғары бағалап үлгерді. Жобаны іске асыру үшін Алматы-Маңғыстау және «Алматы-1-Өскемен» жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды. Қазақстан темір жолы сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде «ЖН» (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйел жынысты жолаушыларға (толықтай вагонға) билет сатуға арналғандығын білдіреді.

Сондықтан ер жолаушылар пойыз билеттерін сатып алғанда абай болу керек. Бұл ретте аталған вагонға еріп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды ресімдеуге рұқсат етіледі.