Қазақстандық палуан Токиода өткен жекпе-жекте қолының сынғанына қарамастан жеңіске жетті (видео)

0

Токиодо аралас жекпе-жек өткен ONE Championship додасында қазақстандық палуан Қайрат Ахметов жеңіске жетті. Ол аустралиялық Рис Макларенді жеңді.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Үш раундтың нәтижесі бойынша Ахметов судьялардың шешімі бойынша жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл 31 жастағы спортшының мансабындағы 22-нші жеңісі, деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахманов спортшының бірінші раундта ауыр жарақат алып, сынған қолымен жекпе-жек өткізгенін айтты.

 

Stan.kz