Қазақстандық оқушылардың білім деңгейі тексерілмек
15 сәуірден бастап Қазақстан мектептерінде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады.
«Оған 2462 орта білім беру ұйымдарының ішінен төртінші және тоғызыншы сыныптардың 150 мың оқушысы қатысады», — деп хабарлады 2 сәуірде Білім министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.
МОДО 26 сәуірге дейін жалғасады. 2024 жылы тест тапсырмалары халықаралық бағалау шеңберін ескере отырып жаңартылды: PISA, PIRLS, TIMSS. Қазір қазақстандық МОДО жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.
фото: Дмитрий Кандинский / vtomske.ru