Home Жаңалықтар Қазақстандық өгей қызын Анталияның әуежайында қалдырып кеткен

Қазақстандық өгей қызын Анталияның әуежайында қалдырып кеткен

0
1455

15 жастағы қазақстандық қызды сенімді өкілі Түркиядағы Анталияның әуежайында қалдырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, аталған сенімді өкіл қыздың әкесімен азаматтық некеде екен. Олар Түркиядан Қазақстанға аттанар алдында жеткіншектің паспорты жоғалғаны анықталды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстанның Түркиядағы консулы қыз баламен байланысқа шықты. Осы орайда бұл мәселе бақылауға алынғанын хабарлаймыз», – желінген министрлік мәліметінде.

Өз кезегінде қыздың анасы Асыл бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Менің балам бұрынғы күйеуімнің отбасымен Түркияда демалуға барған еді. Осы орайда сенімхат бұрынғы күйеуімнің зайыбына жазылған еді, себебі олар бір күн бұрын (5-інен 6 тамызға қараған түні) сапарлауға тиіс еді. Ал қызымның әкесі екі күннен кейін Түркияға бармақшы болды. Сондықтан сенімхатты беріп, бала аман-есен жетті. Ал Қазақстанға шығар кезде, елге орала алмай қалды. Сағат 10:30 кезінде маған хабарласып, әуежайда қалғанын айтты. Өгей анасы баланың төлқұжатын жоғалтып алған. Құжаттың жоғалғанын балаға әуежайға бара жатқан жолда айтқан. Бұрынғы күйеуімнің зайыбы Қазақстанға келе жатыр, ал балам Түркияда қалып қойды», – деді қыздың анасы.

Қыздың әкесі қазіргі кезде Түркияда оқшаулауға жатқызылған. Ұшаққа барардың алдында ПТР-тест нәтижесінде одан коронавирус анықталған.

«Сенімхат күйеуімнің қазіргі әйеліне жазылған болатын. Ол өзіне жауапкершілікті алуы керек еді. Ол баланы осылай қалдырып кетуге құқылы емес. Қызымның әкесімен байланысқа шыға алмай жатырмын», – деді баланың анасы.