Қазақстандық маман коронавирустан айыққандардың бойында байқалған өзгерістерді атады – Қазақстан жаңалықтары

0
94

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирустан жазылғандардың ағзаларында байқалатын бірқатар өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

медсестра

«Коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін адамның бойында оның салдары байқалады. Ең бірінші кезекте ол адамның жасына байланысты. Пациенттің қандай кезеңде емханаға түскені де маңызды. Оның бойында қандай аурудың өршіп кеткеніне де көп көңіл бөлу керек. Әрине, иммундық жүйеге қысым күшейеді. Коронавирус жұқтырғандардың 4 пайызға жуығы интенсивті терапияға мұқтаж. Бұған дейін айтқанымдай, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оларды мамандар барынша емдеп, профильді бөлімшелерге ауыстырады», – деді Сәуле Қисықова.

Бұған қоса ол ауруханадан шығарылған кейбір науқастар қайта оңалту шараларынан өткенін мәлім етті. Сөзінше, бұған себеп коронавирустан кейін ағзада пайда болған кемшілікті түзеу болыпты.

stan.kz