Қазақстандық күдікті Египеттен экстрадицияланды – Оқиға|20 Қараша 2018, 11:13

0
20 Қараша 2018, 11:13 395 0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстанның ІІМ Интерполмен бірлесіп қылмыстық жауапқа тарту үшін Бейбіт Серғазиевті Египеттен Қазақстанға экстрадициялады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Бейбіт Серғазиев еліміздегі кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта қасақана жалған айғақ бергені үшін күдікті ретінде ұсталған. Алайда ол ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының египеттік әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында қолға түсірді.

Ол бүгінде Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз