Қазақстандық каскадер «Оскар» алды: «Томирис» фильміндегі жұмысы үшін

0
425
Сурет: instagram.com/kunguzhinov/?hl=ru

Қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнжүгінов әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» атты жүлдесін жеңіп алды. Көпшілік бұл марапатты каскадерлік «Оскар» деп атайды. Ол бұл жүлдені «Томирис» тарихи фильміндегі трюктер қойылымы үшін алған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Бұл — барлығымыз үшін аса маңызды әрі бағалы жүлде. «Таурусты» жыл сайын әлемнің үздік экшн-мамандарына табыстайды. Ел тарихында алғаш рет фильміміздің осындай жоғары бағаға ие болғанын мақтан тұтамыз», — деді Жайдарбек Күнжүгінов.

Күнжүгінов өзінің кәсіби мансабында «Таурус» жүлдесіне екі мәрте үміткер болған. 2017 жылы оны «Викинг» фильмінде атқарған жұмысы үшін осы мараптқа ұсынды. Алайда, ол кезде жеңіс қазақстандыққа бұйырмады.

 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету