Қазақстандық экстремистерге Ресейден қару-жарақ тасымалданған (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

контрабанда

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚҚ  мен полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды.  

контрабанда

Ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса оқты тәркіледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

stan.kz