Қазақстандық экстрасенс: Елде 40 жастағы ер адам президент болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның болашағына қатысты болжам жасап жүрген әйгілі экстрасенстер пікірін айтып жатыр.

Қазақстандық экстрасенс: Елде 40 жастағы ер адам президент болады

Халықаралық экстрасенстер додасында ең үзікдер қатарынан көрінген Камран Самедов 9 ай бұрын Қазақстанды уақытша әйел адам билейді. Содан кейін ғана ер адам басқарады деген еді, деп хабарлайды 31 арна

Алайда Камранның болжамы дәл шықпады. Уақытша президент Тоқаев мырза. 

Ал, қабылдануына адамдар жиі баратын Жігер Садықов президент сайлауы 2021 жылы өтеді деп болжады. Тпті сайлау өтпеуі де мүмкін. 

«Менің болжамыма сай, президенттікке 40 жастағы ер адам келеді. Әйел адам болады деп айта алмаймын. Әскери адам болуы мүмкін», — деді ол. 

Ал, экстрасенс Бақыт Жұматова мұнымен мүлде келіспейді. Сайлау әрі кетсе, алдағы маусымның шілде айында өтуі мүмкін деп отыр. 

«Мен елді әйел адам басқаратынын бұрын да айтқанмын. Ол ойымнан айнымаймын. Ел билігі ақырындап матриархатқа ауысады», — дейді Жұматова. 

Экстрасенстердің барлығы елде жаңа президенттеп бірге жаңа дәуір басталады деп болжам жасады.

 

stan.kz