Home Жаңалықтар Қазақстандық Иван Иванов Малайзиядағы жеңіл атлетика бойынша жарыста алтын алды

Қазақстандық Иван Иванов Малайзиядағы жеңіл атлетика бойынша жарыста алтын алды

0
92

Қазақстандық Иван Иванов Малайзиядағы жеңіл атлетика бойынша жарыста алтын медальды жеңіп алды. Бұл ақпаратты ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі 30 наурызда хабарлады.

«Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Куала-Лумпурда өтіп жатқан Malaysian Open Grand Prix 2019 жеңіл атлетика бойынша турнирде жеңіске жетті. Спортшы ядро лақтыру бойынша үздік атанды. Оның ең жоғары көрсеткіші 19,53 метр болды» деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Малайзиядағы жарысқа алты қазақстандық спортшы барған. Ивановтан бөлек, ол жақта Кристина Овчиникова, Ринат Қайсаров, Вадим Левченков, Сергей Сухов және Вислобокова Ярослава жарысқа қатыспақ.

Azattyq