Қазақстандық Исхар Құрбаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

0

Қазақстандық Исхар Құрбаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.

«Иорданияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Исхар Құрбаев Түркия, Түркіменстан және Қырғызстан спортшыларын жеңіп, финалда әзірбайжандық палуанды 5:1 есебімен жеңді» делінген хабарламада.

ақпарат: Orda.kz