Қазақстандық ғалымдар қауіпті вирустан емдеудің бір әдісін тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық ғалымдар коронавируспен күресте антиденелерді қолдануды колдап отыр. Қауіпті кеселден айыққандардың иммунитеті түзген вирусқа қарсы зат – қан арқылы басқа науқастарды емдеуде қолданылуы әлдеқайда тиімді дейді мамандар. Қазіргі таңда АҚШ пен Ресейдің ғалымдары осы әдісті қолдынуда екен. Ал біздің елімізде антиденелерді анықтауға 22 мыңдай азаматқа сынама жасалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 
плазма

Қауіпті індеттен емдеудің бір амалы — СОVID-19-дан айыққанның қанын науқасқа құю. Аурудан жазылғандардың қанында вирусқа қарсы антидене қалыптасады екен. Алайда ғалымдар плазмалар мен антиденелер адамның бойынан табылмайды дейді. Десек те дәрігерлердің сөзінше, бүгінгі күні емдеудің ең оңтайлы тәсілі осы екен. 

«Иммунды-ферменттік талдау тестілері сатып алынды. Жуырда Қазақстанға әкелінеді. Бұл тесттер арқылы адам ағзасында антиденелердің бар-жоғын ғана емес, мөлшерін де анықтаймыз», — дейді «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев.

Қазақстанда індеттен айыққандардың саны 489-ға жетіп отыр. Бұл азаматтардың бойында антиденелер түзілуі ғажап емес. Бірақ қандағы қажетті антиденелерді анықтау жұмыстың бір бөлігі көрінеді. 

«Және оған кім болса, соны ала бермейміз. Мысалы, гепатитпен ауырған, басқа аурулары бар адамдар оның ішіне кірмейді. Оның ішіне, көбінесе, иммунитеті жақсы, жас адамдар, ешқандай қосалқы аурулары жоқтар кіреді», — дейді медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева.

Бүгінде АҚШ пен Ресей сынды мемлекеттердің алдыңғы қатарлы сарапшылары қан плазмасын қайта құю арқылы науқастарды емдеудің пайдасы жоғары екендігін мойныдапты. 

«Айығып шыққандардың қан құрамында плазма мен антидене бірдей мөлшерде болса, емдеу шараларында пайдасы арта түседі. Өз тәжірибеммен бөліссем, коронавирустан емделіп шыққан азамат басқа науқастарды емдеу үшін қан тапсыруға өтініш білдірді. Солармен жұмыс істеп жатырмыз», — дейді сарапшы Дмитрий Еделев.

Бүгінде елімізде 22 мыңдай адамнан сынама алынып, ішінде 350 азаматтың ағзасынан  қажетті антиденелер табылыпты. Адам баласы үміт артып отырған антиденелер ағзаны басқа вирустардан да аластауда қолданылған. Ал коронавируспен күресте қаншалықты тиімді екен, оны отандық ғалымдар әлі зерттеп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қан плазмасын қайта құю қарастырылмағаны айтылған болатын. 
 

stan.kz