Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты
Астана, BAQ.KZ. 19 жастағы Дінмұхамед Қашкен маусым соңына дейін Испанияның жастар линасының клубымен келісімшарт жасасты.
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен испаниялық «Касабланка» клубының ойыншысы атанды. Аталған клуб «Сарагосы» фарм-клубы болып табылады және испаниялық командалардың дублерлерінің чемпионаты ретінде жұмыс жасайды. Бұл лигада 19 жасқа дейінгі жастар командалары жинақталған. Мысалы, «Барселона» академиясының УЕФА Чемпиондар жастар лигасында өнер көрсететін «Хувнниль-А» бар.
Қашкен екі жыл бұрын Испанияда, соның ішінде, дәл осы «Касабланка» мен мадридтік «Атлетиконың» балама командасв сапында ойнаған болатын. Одан кейін ол «Астана» командасының қосалқы құрамына ауысып, өткен маусымды «Жетісу»-Б бірінші лигасында болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ