Қазақстандық футболшы 6 млн еуроға Италияның «Аталанта» клубына ауыспақ

0

Италияның «Аталанта» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр.

Олар отандасымызды сырттай бақылап жүрген көрінеді. Бұл туралы италиялық журналист Николо Скира хабарлады.

Сонымен бірге ЦСКА Зайнутдинов үшін бес-алты млн еуро сұрап отырғаны да белгілі болды.

24 жастағы Зайнутдинов Мәскеу командасында 2020 жылдан бері ойнап келеді. РПЛ-дің биылғы маусымында ол 13 матч ойнады. Ресейде Бахтиер «Ростов» үшін, ал Қазақстанда «Тараз» бен «Астанада» доп тепкен. Ал «Аталанта» клубы «А» сериясында 12 матчта 27 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді.