Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Жас спортшы жілік майы дертіне шалдыққан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. «Тобыл» клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы қостанайлық команданың ресми сайтында хабарланды.
Қостанайлық клубтың экс-ойыншысы Николай Жуков 25 жасында көз жұмды
Соңғы кездері Николай жілік майы дертімен күресті. 31 тамыз күні кешке футболшының жүрегі тоқтады.
«Николай Жуков бірнеше маусымды «сары-жасылдардың» қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жастар құрамасында болды. «Тобыл» футбол клубы Николайдың отбасына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтады», — делінген қазанамада.
Айта кетейік, «Тобылдың» экс-ойыншысына үш жыл бұрын қан қатерлі ісігі деген диагноз қойылған.
sputniknews.kz