Қазақстандық FlyArystan лоукостеріне 2 жыл толды

0
20

FlyArystan Қазақстандық лоукостер өзінің 2 жылдығын Кутаисиге (Грузия) алғашқы рейсінің ашылуымен тойлап, оперативтік қызметтің қорытындысын жасауда. 2021 жылдың мамыр айының басына дейін бюджеттік әуекомпания 3 млн жолаушы тасымалдады. Егер індет уақытын есепке алатын болсақ, рейстің орташа тиелуі 87% құраған, ал рейстерді уақытылы орындау көрсеткішінің (OTP) коэффициенті 89% құрады.

Егер бірінші жылмен салыстыратын болсақ, әуе паркі көлемі 5 есеге артты. Сонымен, алғашында әуе паркінде 2 ұшақпен бастаған FlyArystan кейін 180 эконом-классты орындықты 10  Airbus A320 ұшаққа дейін үлкейтті. Бұл тасымалдаушының бағдарлар желісін кеңейтуге мүмкіндік берді, енді тұрақты рейстер Ыстамбұл (Түркия) мен Кутаисиге (Грузия) халықаралық рейстерін қоса алғанда, 35 бағыт бойынша қатынайды.

«Егер алғашқыда ұшақтарымыз тек Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қатынаған болса, 2020 жылдан бастап біз Атырау, Ақтау және Шымкенттен ұшуды бастадық. Сонымен қатар, жолаушылар ыңғайына қарай біз мобильді қосымшаны іске қостық, Түркістан қаласындағы жаңа әуежайға бірінші болып ұшып, шетелге де қатынай бастадық «, – FlyArystan коммерциялық директоры Жанар Жайлауова айтты.

«FlyArystan тек бизнес-саяхатшылар ғана емес, орташа жасы 37 жастағы жас қазақстандықтар, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балаларға ұшуға мүмкіндік беретін халық компаниясы болу бізде ерекше мақтаныш тудырады. Біз отандастарымыздың қолжетімді әуетасымалдарын жиі пайдалана алуына қуаныштымыз «, – деп лоукостер жетекшісі өз ойымен бөлісті.

FlyArystan – бұл Қазақстандағы ең алғашқы лоукост әуе компаниясы, Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысының құрылымдық бөлімшесі. Ол өзінің алғашқы рейсін 2019 жылы 1 мамырында Алматы-Астана-Алматы бағытында жасады. Қызметінің алғашқы жылында 1 миллион жолаушыны тасымалдап, елімде бірінші болып билеттердің құнын 999 теңгеге сатты. Барлық бағыттарға билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында алуға болады.

FlyArystan – Қазақстандағы алғашқы рейсі 2019 жылдың мамыр айында жасалған ең алғашқы бюджеттік лоукостер. Бүгінде FlyArystan флотында Қазақстан бойынша бір күнде 70 рейс жасайтын Airbus A320-дан 10 ұшақ қызмет көрсетеді.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету