Қазақстандық екі сектант әйел Ресей тұрғындарын қамшымен ұрып-соғып, есінен адасардай күйге түсірген — Қазақстан жаңалықтары
Челябинск қаласының Орталық аудандық соты Оңтүстік Оралда тыйым салынған жалған діни ұйымның екі белсендісін айыптады, олар Челябинскіден келген адамды ессіз күйге түсірген.
Сот материалына сәйкес, Айсулу Дуанбаева мен серіктесі Светлана Платонова қаладан екі кеңсе ашып, оған адамдарды тарта бастайды, деп жазады Tobolinfo.kz.
Әйелдер адамдарды зомби етуге дейін барған. Оларды қамшымен ұрып-соғып, әулие рухтармен «тазартатып» отырған. Одан бөлек келушілердің қаражатына Түркістан қаласына апарып, киелі орындарға түнетіпті. Ол жерде киелі жерлерді паналатқан.
Екі әйел ондаған челябиндік тұрғынды арбауын түсірді. Оның бірі 42 жастағы әйел. Оған «тазарту сеансын» жүргізіп, 100 мың теңге ақы алады. Бұл ем емделушіні есінен адастырды. Оған әлдебір дауыстар естіліп, біреу аңдып жүргендей күйге түсті. Осылайша өзіне қол салуға дейін барды.
Тергеушілер жәбірленушінің денесіне қатты зақым келгенін анықтады.
Құрбан болған әйелдің туыстары полицияға шағымданды. Полиция қазақстандықтарды қолға түсірді. Сот оларды екі жыл екі айға соттады. Алайда әйелдер 2017 жылдан бастап изоляторда отырғандықтан қолхат жазып босатылды.
Челябинск облысында «Орда» ұйымына сотпен 2014 жылы тыйым салынған. Бұл ағым өңірге Қазақстаннан келген. Ол ислам ілімін шамандықпен араластырады. Олар емделушілерге дәрі қабылдап, емханаға қаралуға тыйым салады. Сарапшылар бұл ағымның адамның психикасына, физикалық жағдайына кері әсер беретінін мойындады.
stan.kz