Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азиа ойындарының финалына жолдама алды
Дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Бұған дейін Әбиба алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея спортшысын ұтқан.
Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күреседі.
Сонымен қатар 24 қырүйекте Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медальға таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.
Ал Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан дзюдошысын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысына есе жіберді.