Қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирустың белгілері табылған — Қазақстан жаңалықтары
Германиядағы қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирус белгілері анықталған. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстанның Германиядағы елшілігіне біздің дипломаттардың бірінің ата-анасы қонаққа келгенін растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен болды. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесі коронавирус инфекциясының белгілерін көрсетті, содан кейін ол ауруханаға түсті», — деді Смадияров.
Ол ер адамның қазіргі уақытта Германияда екенін айтты.
«Бүгінгі күні оның жағдайы жақсарып, ол бөлек палатадан жалпы бөлімге ауыстырылды. Әйелі мен баласы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинде», — деді ол.
Бұрынырақ ғаламторда астаналық соттың төрағасы Тілектес Барпибаев Германияда коронавирус жұқтырған деген сыбыстары пайда болды. Нұр-Сұлтан қаласының сотының баспасөз қызметі Барпибаев демалыста екенін, сондықтан оның денсаулығы мен қайда екендігі туралы ақпарат жоқ екенін айтты.
stan.kz