Қазақстандық бодибилдердің Украинада қалай қайтыс болғаны анықталды — новости Казахстана
Сыртқы істер министрлігі қазақстандық спортшы Евгений Прудниковтың өліміне не себепші болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Дипломатиялық мекемеде хабарлағандай, қазақстандық бодибилдердің жүрегі тоқтап қалған. Бұл оқиға Одесса қаласында орын алған.
Қазіргі уақытта спортшының денесі отанына жеткізіліп, жанұясына табысталды.
Айта кетейік, Евгений Прудниковтың Украинадағы өлімі туралы ақпарат өткен аптада белгілі болды.
Спортшының жасы 33-те болған. Ол Астанада дәрігер қызметін атқарып, жаттықтырушы да болып жүрген.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар