Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді — Тосын жай

Бішкек маңында қазақстандық нөмірмен жүрген жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді, — деп хабарлайды «Вечерний Бишкек» басылымы Шу облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 5 желтоқсанда күндізгі уақытта Ленин ауылы Бішкек — Қордай тасжолында болған.
«Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды», — деп хабарлады милициядағылар.
Жүк көлігінің тізгінінде Қазақстан азаматы болған. «Ер адам жол апаты болған жерден қашқан жоқ. Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр», — дейді басылымдағылар.
Kaktus.media куәгерлерге сілтеме жасап отырып, жүк көлігінің қыз баланы 20-30 метр жерге ұшырып жібергенін айтады. Басылымның мәліметінше, ер адам оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда оны кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекция қызметкері ұстаған.