Қазақстандық бір топ журналистер Түркияда

0
126

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, қазақ журналистері үшін Түркияның Стамбұл, Бұрса, Гемлик, Гүрсу, Жұмалыкызык аймақтарына сапар ұйымдастырылды. Бұл туралы белгілі журналист, аталмыш қордың президенті Нәзия Жоямергенқызы хабарлады.

Қаламы қарымды, ойы ұшқыр журналистер қауымы ІІ Спорт және туризм саммиті шеңберінде Ұлытаудың (Улудағ) етегіне орналасқан ADRENALIN PARK демалыс орнында болып, уақытты пайдалы өткізгендерін айтады. Таудан соққан самал жел, саф ауа, толқыған көл. Алған әсер туралы осылайша ұзақ жазуға болады.

ASGD ұйымдастырған ІІ Спорт және туризм саммитіне қатысқан БАҚ өкілдері 15 метр биіктіктен секіріп, көл бетінде 300 метрден астам жерге дейін сырғанады. Катамаранмен серуендеп, квадроциклдармен тауға серуенге шыққан. Нәзия Жоямергенқызы өзінің фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасында осындай қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Оның айтуынша, негізі мамырдың соңында ашылатын мекенді Гүрсу ауданының әкімі Мұстафа Ышык (Mustafa Işık) журналистер үшін арнайы аштырған. Осының өзін қазақ журналистері үшін көрсетілген құрмет деп білген жөн. Сол үшін Түркітілдес журналистер қорының атынан алғысымызды айттық деп ағынан жарылды қалам тартып жүрген журналистер.

Демалыс орнында 8 үй болса, оған қоса қосымша 5 үй салынып жатыр екен. Әр үйде душ, әжетхана әр үйде бар, парк аумағынан тағы бірнеше үй тұрғызылуда. Жазда жұрт шатырларда жатып демалғанды ұнататын көрінеді. Егер үйлерге түскіңіз келсе, 1 ай бұрын тапсырыс беру керек болады. Өйткені жаз айлары бастала салысымен, мұнда ине шаншар жер қалмайды.

Кейбір демалушылар құратын шатырларын үйден ала келетін көрінеді, ал енді бірі ADRENALIN PARK әкімшілігінен жалға алады. Толық ақпарат үшін www.gursu.bel.tr сайтынан алуға болады.

Нәзия Жоямергенқызы өз сөзінде мұндай кездесулер тұрақты түрді өткізіліп отыратындығын тілге тиек етті. Бұған қоса көптеген шет мемлекеттерге барып, тәжірибе алмасу дәстүрге айналды десек артық айтпаған болар едік. Алдағы уақытта да, әлемнің көптеген елдерін аралау жоспарда бар, ең бастысы кез-келген салада үйренеріміз де, өзгелерге үйретеріміз де аз емес. Тек қана шет мемлекеттерде демалып қана қоймай, өзіміздің табиғаты керемет аймақтарға көрші елдерден масс-медиа өкілдерін шақыру жоспарда бар.

«Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жан-жақты білімділікті талап ететін мамандықтың бірі – журналистика болып табылады. Ақпарат тарату оңай шаруа емес, оның үстіне шығармашылықтың адамы болғасын бір уақыт демалыс алуды ойлайсың. Осыны ескерген біздің қор, әріптестерімізге бір мезгіл жақсы көңіл-күй сыйлап, сапарға шығуды ұйымдастырдық. Байқағанымыз журналистер біраз тынығып, уақытты пайдалы өткізді. Болашақта біз осымен тоқтап қалмаймыз, керісінше әлі де жоспар құрып көршілес елдерге сапар ұйымдастыратын боламыз», – дейді өз сөзінде Түркітілдес журналистер қорының президенті Н.Жоямергенқызы.

 

 

Нұрбол Қонжар,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі