Home Жаңалықтар Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында «алтын» алуға көмектесті

Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында «алтын» алуға көмектесті

Қазақстандық Ержас Болтаев Илья Ильиннің жаттықтырушысы болды, алайда ол Токио–2020 ойындарына чемпиондарды тәрбиелеу үшін Өзбекстанға кеткен

0
1635

Токио Олимпиадасында Өзбекстан Қазақстаннан әлдеқайда жақсы өнер көрсетіп жатыр. Қазір көрші елдің қоржынында үш медаль бар, оның екеуі алтын. Ол алтынның бірін қазақстандық бапкер Ержас Болтаевтың шәкірті Акбар Джураев алды.

Джураевты алғашқылардың бірі болып Илья Ильин құттықтады. Ол 2011 жылдан бастап Болтаевпен бірге жаттыққан еді.

Бес жыл бұрын Рио–2016 ойындарында Болтаев Алексей Нимен жанжалдасып қалған болатын. Сол кезде жаттықтырушы шәкірті Александр Зайчиков өнер көрсетер алдында Олимпиадада аккредитациясынан айырылды. Қазір Болтаев Өзбекстан үшін олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп жүр.

Қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиадада қалай өнер көрсетті

Қазақстанның ауыр атлетикасы үшін бұл Олимпиада сәтсіз болды деп айта алмаймыз. Ел атынан барған екі спортшы екі қола алды. Бұл сайысқа елдегі ең мықты ауыр атлеттер таңдалғаны анық. Дегенмен ерлер арасында әуелден-ақ алтын алуға үміт болмады, сондықтан қоланың өзі үлкен сый ретінде қабылданды.

Мұны Олимпиада алдындағы сарапшылардың болжамы және жарыстан кейін спортшы Игорь Сон мен оның жаттықтырушыларының реакциясы көрсетті. Егер Қазақстан үшін ауыр атлетикада қоланың өзі үлкен сый болса, демек елде спорттың бұл түрі дағдарыс алдында тұрғанын мойындау қажет.

Зүлфия Чиншанло алтын алуға үмітті еді, алайда бұл ойын жүзеге асыра алмады. Чиншанло спорттағы мансабын аяқтаса не болады? Ол Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. Ал оның ізін басар спортшылар әлі жоқ секілді. Өкінішке қарай, соңғы Қазақстан чемпионатында жаңа есімдер шықпады.

Сұрақ көп, бірақ оны шешуге уақыт аз – келесі Олимпиада ойындары үш жылдан кейін өтеді.