Қазақстандық бай Лос-Анджелестегі үйін 30 миллион долларға сатып жатыр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

 2014 жылы Эдуард Огай 10 жатын және 16 ванна бөлмесі бар бұл коттеджді 40 миллион долларға сатып алған

АЛМАТЫ, 9 қыркүйек – Sputnik. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Лос-Анджелестегі үйін 30 миллион долларға сатып жатыр, деп хабарлады америкалық Variety журналы.

Вилла қаланың ең қымбат ауданында – Беверли Парк тұрғын үй алабында орналасқан. Басылым Лос-Анджелестің бұл ауданында 73 көп деңгейлі коттедж салынғанын атап өткен.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы ең бай 5 адам кім? 

Огай мен оның жұбайы жылжымайтын мүлікті жер учаскесімен қоса 40 миллион долларға сатып алған. Отбасылық жұп сатып алғаннан кейін сарайдың аумағын екіге бөлді.

«2,2 акрлық (89 сотық) вилла толығымен сақталды, бірақ қызметшілердің үйі мен жапсыра салынған үй бұзылды. Олардың орнына жаңа үй салынды», — деп жазылған мақалада.

Сонымен қатар, екі вилла сатылымға қойылды – біреуі 30 миллион, екіншісі 28 миллион долларға. Екі үйдің тұрғын аумағы мың шаршы метрден асады.

Басылымның мәліметінше, үйде төрт көлікке арналған гараж, 10 жатын бөлме мен 16 ванна бөлмесі бар.   

«Бұл жерде шарап жертөлесі, үй кинотеатры, бассейн, жаттығу залы орналасқан», — делінген мақалада.

Беверлиде Эдди Мерфи, Сильвестер Сталлоне, актриса Кимора Ли Симмонс, әнші Род Стюарт және медиамагнат Самнер Редстоун да тұрады.

Forbes.kz мәліметінше, Эдуард Огай «Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмені» және «Қазақстанның 50 ең бай адамы» рейтингіне енген.



sputniknews.kz